Алматы әкімдігі ағашты егуге емес кесуге қаражат бөлуде
Алматы қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасына қарасты «Алматы хайуанаттар бағы» ҚМҚК мекемесі мемлекеттік сатып алу лотында 8 млн тенгеге «Орман ағаштарын санитарлық кесу бойынша жұмыстары» лотын жариялаған. Шие, шынар, өрік, қара жаңғақ, қара терек, вавилондық талдар мен қарағаштардың 41 тал ағашын кесіп тастауға қаражат бөлініп отыр. Лот мүгедектер қоғамдары арасында жарияланған. Заң бойынша мүгедектер қоғамынан ешкім қатыспаса заңды тұлғалар ұтып алары сөзсіз.
Ендеше «Алматы хайуанаттар бағы» ҚМҚК басшылығы бір сенбілік ұйымдастырып ғана мемлекеттің қаражатын ауаға шашпай-ақ 41 тал ағашты емдеп, суарып жөндеп алуға болмас па еді?
Президентіміз 2 млрд ағаш «егіндер» деп тапсырма беріп жатса, алматылық шенеуніктер «кесіңдер» деп керісінше қаражат бөлгені ақылға қонбайды. Хайуанаттар бағындағы екпе ағаштардың бақтағы тіргілік иелеріне ауадай қажет екенін кез-келген маман айтып бере алады. Әйтеуір бюджеттен бөлінген қаражатты қолма-қол жұмсауды үйренгендер керісінше 8 млнға 800 тал егуді және оны қарап күтуге жарияласа құпа-құп дер едік.
Baimedia.kz