ХҚҚО 59 қызметкері алаяқтық жасады деп күдікке ілінді
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекет көлік құралының шығарылған жылына байланысты тіркеу алымдарының мөлшерлемесін төмендету арқылы елге жаңа жүк көліктері мен автобустарды әкелуді ынталандырады.
Егер автокөліктің шығарылу мерзімі бес жылдан асса, онда 2500 АЕК төлеу керек, ал егер екі жыл толмаса, төленетін сома 0,25 АЕК-ке дейін қысқарады. Сондықтан кейбір жосықсыз азамат елге ескі және қауіпті жүк көліктерін, автобустарды жалған құжаттар бойынша әкелуге тырысып, шығарылған жылын ауыстырады.
Анықталған деректерге сәйкес 2022-2023 жылдары сотқа дейінгі 23 тергеу басталды, онда алдын ала есеп бойынша бюджетке 14,3 млрд теңгеге залал келтірілген.
Мамандандырылған ХҚКО-ның 59 лауазымды тұлғасы мен мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатыстылығы тексерілуде. Көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеудің негізгі схемалары анықталды. Алаяқтық схемаларды ұйымдастырушылар арнайы ХҚКО-ға бастапқы алымның ең төменгі мөлшерлемесін төлеу мақсатында шығарылған күні өзгертілген жалған түбіртектерді ұсына отырып, автокөлікті есепке қоюды жүзеге асырған, — деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.