ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының м.а. Жомарт Асқаровтың айтуынша осы күнге дейін 10 облыста су тасу жағдайлары орын алды. Алдағы уақытта тағы да 217 ауыл су басудың алдында тұр. Төтенше жағдайлар қызметі әкімдіктердің су тасқынына дайын еместігі туралы 356 ескерту берілген.
Айта кету керек, биыл су тасқынының алдын алу және оның салдарын жоюға ел бюджетінен 7 млрд астам теңге бөлінген.
Самат Сапаралы