Автомобиль жолдарында 10 учаскені су басты
Оның ішінде біреуі республикалық маңызы бар жол, облыстық және жергілікті маңызы бар 9 жол учаскесі, сондай-ақ жергілікті маңызы бар бір автожол учаскесін су шайуы тіркелді. Қазіргі таңда жолдарда жағдай тұрақталды. Зардап шеккендер жоқ, барлық елді мекендерде көлік қатынасы бар.
«Су басуға табиғи факторлардан басқа су бұру арналарының, арықтардың, зардап шеккен елді мекендер ішінде арық-дренаж жүйесінің болмауы немесе өткізу қабілеттілігінің төмендігі ықпал етті. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштерімен су басу қаупін азайту бойынша жедел шаралар қабылданды. 89 мың текше метрден астам су тартылып, уақытша бөгет ретінде 2140-тан астам қап төселді», – деді ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының м.а. Жомарт Асқаров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.