30 жыл бойы қазақты тозақпен қорқытып келдік, енді оны қояуымыз керек – Нұрлан имам
«Сіз негізі уағызды жақсы айтасыз. Басқа да имандар сізді көре алмай, сөзді бұрмалады деп жазғырады. Соларды қалай жеңдіңіз», — деген сұрақ қойған.
Ол мұндай имамдарға басқа жұмыспен айналысуға кеңес берді.
«Мен ешкімді жеңбеймін. Бұл өмір біреуді жеңуге арналмаған. Мен пендемін. Менен басқа ұстаздарды көбірек тыңдаңыздар. Біз қателесеміз. Қателесіп жүріп, қолымнан келгенді істеп жатырмын. Қателесіп жүріп, намазға тұруға себепші болудамын. Менің қатемді түзейтін ұстаздар көп. Солар түзетіп ала берсін. Бірақ олар менімен әуре болмай-ақ қойсын. Дінмен әуре болсын. Ана жерде былай, мына жерде солай айтқан деп алысудың қажеті жоқ», — дейді Нұрлан имам.
Ол бұл дінді жеңілдету емес деп отыр. 30 жыл бойы қазақ халқына ұрысып келдік, одан ештеңе шықпағанын жеткізді.