Балаларға ораза ұстау міндет пе?
Қасиетті Рамазан айы басталғанда жыл сайын қоғамда дәл осы тақырып қызу талқыланады. Жұрттың бір легі ұл-қызының ауыз бекіткенін құп көрсе, екінші тарап қарсылық танытады.
Бұл мәселеге қатысты Stan.kz ақпарат агенттігіне имам мен аудармашы жауап берді.
Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қуаныш Тоқсанбайұлының айтуынша, шариғатта ораза балиғатқа толған кісілерге міндеттеледі.
«Балиғат жасы қыз балада да, ер балада да – 14-15 жас. Балиғатқа толмаған балаға шариғат ораза ұстау парыз емес. Өйткені адамдар діни сауатсыздықтан балаларына міндеттеп жатады. Денсаулығы жақсы, ауырмайтын 10-11-сынып оқушыларына ғана ораза ұстауға біз кеңес береміз, соған үгіт-насихат жасаймыз», – деді наиб имам.
Ал құранды орыс тіліне аударған Серік Рысжанов балаларға оразаны міндеттеп, діни ақпарат беру дұрыс емес екенін айтады.