Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалына өтті. Ол жарыстағы алғашқы кездесуінде тайпейлік Лаи Ян-Линмен жұдырықтасты, – деп хабарлайды Баймедиа.кз.
54 келі салмақ дәрежесінде бақ сынған Махмұд Сабырхан тайпейлік Лаи Ян-Линді алғашқы раундта-ақ үш рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші жекпе-жекті ерте тоқтатты. Осылайша, қазақстандық боксшы техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетті.
Махмұд ширек финалда шри-ланкалық боксшы Жаянант Кумарамен кездеседі.