• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу кезінде ағылшын тілінен емтихан тапсыруды алып тастауды ұсынды

Аймағамбетов магистратура мен докторантураға түсу кезінде ағылшын тілінен емтихан тапсыруды алып тастауды ұсынды

23 апреля, 2025 Жаңалықтар

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында премьер-министр Олжас Бектеновтің атына депутаттық сауал жолдаған депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов елімізде магистр не доктор дәрежесін алғысы келетін жастар үшін оқуға түсерде ағылшын тілінің емтиханын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды baimedia.kz.

Ол қазір талап талап бойынша, магистратура мен докторантураға түсу үшін талапкерлер міндетті түрде ағылшын тілінен емтихан тапсыратынын атап өтті.

«Бірақ, студент қазақ не орыс тілінде оқыса да, талап бәріне ортақ. Мысалы, Қазақ филологиясы, этнография, музыка сияқты мамандықтарға түсетін жастар да алдымен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек. Әрине, ғылыммен айналысу үшін ағылшын тілін білу маңызды. Себебі күн сайын жарияланып жатқан ғылыми жаңалықтардың көпшілігі – ағылшын тілінде. Оларды оқу, түсіну, пайдалану — әр зерттеушіге қажет. Сондықтан бұл талап кезінде заманға сай, орынды шешім болды. Ашығын айтқанда, бұл талапты кезінде министр болғанда қолдаған да, бекіткен де өзім болатынмын. Алайда қазір жағдай өзгерді», — дейді ол.

Оның айтуынша, содан бері, тіпті, соңғы бес жылдың өзінде-ақ халық жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Технологиялық революция орын алды.

«Қазір ChatGPT, Gemini сияқты құралдардың көмегімен кез келген ағылшын мәтінін санаулы секундта, сапалы түрде қазақ немесе орыс тіліне аударуға болады. Иә, ағылшын тілі ғылым үшін әлі де қажет. Қажет болады да. Бірақ қазіргі технологиялардың арқасында бұл талап магистратураға түсуге кедергі болмауы тиіс. Өйткені енді осы технологиялармен, жастар ғылыми жұмысын бастай алады.  Оның үстіне, шыны керек, айтылған талап студенттердің тілдік деңгейін айтарлықтай көтере алған жоқ. Ең қиыны – қазақ әдебиеті мен өнерін зерттегісі келетін жастар ағылшын емтиханынан өте алмағаны үшін магистратура мен докторантураға түсе алмай жүр. Не істеу керек? Әрине ағылшын тілін қолдай отырып, бұл талаптарды өзгертуіміз керек», — деген ол нақты төрт ұсыныс айтты.

  • Біріншіден, ағылшын тілін ерте – мектептен бастап сапалы түрде оқытуды әрі қарай күшейту қажет. Кезінде Президенттің тапсырмасына сәйкес 3-4 сыныптар мен 10-11-сыныптарда ағылшын тілі сағатын аптасына 3 сабақтан  5 сабаққа дейін көбейген еді. Бірақ бұл бастама толық іске аспады.
  • Екіншіден, оқыту тілі қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін бағыттарда ағылшын тілінен емтиханды түсу кезінде емес, оқу аяқталған соң тапсыруды қарастырған жөн. Ал сол кезеңге дейін ағылшын тілін бакаларвриат, магистратура мен докторантураның оқу бағдарламасына кіргізіп, тереңдетіп оқытқан дұрыс. Сонда нақты нәтиже болады.
  • Үшіншіден, ағылшын тілінде оқытатын немесе қосдипломды бағдарламалар, мен филиалдар үшін бұл талапты керісінше күшейткен жөн. Яғни әр бағытқа қарай саралау қажет.
  • Төртіншіден, Scopus пен Web of Science базаларында мақала жариялау талабын да мамандықтың ерекшелігіне қарай қарастырған жөн.

«Бастысы – диссертацияның сапасы мен ғылыми ортаға қосқан нақты үлесі маңызды. Оны конференцияларда талқылау мен ғылыми жұмыстың нақты пайдасы керек. Жалпы, бұл талаптарды университеттердің академиялық еркіндігі аясында реттеген дұрыс деп есептейміз.Қорытындылай келе, ұсынылып отырған қадамдар – білім беруді қолжетімді, әділетті және заманға сай етуге бағытталған», — деді ол.

ағылшын тілі Аймағамбетоов докторантура магистратура

Оқылып жатыр

Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды

Елорда дәрігерлері науқастарды емдеуге бөлінген 675 млн теңгені қалтаға басқан

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024846 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024472 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024438 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды

Басты тақырып 8 апреля, 2026

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді облыстық полиция департаментіне қарасты…

Елорда дәрігерлері науқастарды емдеуге бөлінген 675 млн теңгені қалтаға басқан

8 апреля, 2026

Ұлттық банк футболдан Әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталар шығарады

8 апреля, 2026

Алдағы күндері күн күрт суытады

8 апреля, 2026

SMS-бластер арқылы алаяқтық жасаған қылмыстық топ құрықталды

8 апреля, 2026

Британия Канье Уэстке антисемиттік әрекеттеріне байланысты елге кіруге тыйым салды

8 апреля, 2026

Астана – Омбы бағытындағы пойыз вагондары жаңартылды

8 апреля, 2026

Суару маусымына дайындық: 526 шақырым канал тазартылды

8 апреля, 2026

Монте-Карлодағы «Мастерс» турнирінде Бублик алғашқы қарсыласын ұтты

8 апреля, 2026

Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимараты өртеніп кете жаздады

8 апреля, 2026

АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келді

8 апреля, 2026

Президент Таяу Шығыстың бітімге келу туралы келісімін құптайды

8 апреля, 2026

Шығыс Қазақстан тұрғындарын кене шаға бастады

7 апреля, 2026

NBC TV қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

7 апреля, 2026

Мемлекет басшысы ҚР Үкіметі мен ХҚДБ арасындағы келісімге қатысты құжатқа қол қойды

7 апреля, 2026

Шарын табиғи паркінде Түркістан сілеусіні фототұзаққа түсті

7 апреля, 2026

LRT сынағы барлық 19 құраммен жүргізіле бастады

7 апреля, 2026

Атырауда қоқыс полигоны өртке оранды

7 апреля, 2026

Катонқарағай елдегі ең экологиялық таза қалаға айналады

7 апреля, 2026

Алматыдағы жол апатына кінәлі жүргізуші тергеу изоляторына қамалды

7 апреля, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.