Бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты екі сот ісі болған.
“Бір талап арызды қанағаттандырусыз қалдырған, себебі талапкер – шағым түсіре алмайтын тұлға. Ол петицияның авторы немесе өтініш берушісі болған жоқ. Ол қол қойған мүшелер атынан сотқа шағым түсірді. Тиісті процессуалдық сот шешімдері бар. Екінші талап қою үшін де процессуалдық негіздер болды, бірақ іс жүргізу болған жоқ», – деді министр.
Өскемен тұрғыны Серікжан Ахметжанов Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі сотына үкіметке қарсы шағым түсіріп, уақытты өзгерту туралы шешімді заңсыз деп тану және күшін жоюды талап етті.
Ер адам өзі өскемендік заңгер екен. Ахметжановтың айтуынша, сотқа шағымдануының басты себебі — балаларының сабақтан үйге қараңғы уақытта түнде оралуы.
«Менің балаларым екінші ауысымда сабаққа 13:00-14:00-де барады, ал сабақ 19:30-да аяқталады. Ал Өскеменде негізі уақыт нақты уақыттан екі сағатқа артық. Яғни сағат 20:00 деп тұрса да, түнгі 22:00-де үйге келеді. Сосын кешкі ас ішіп, үй тапсырмаларын орындау керек», – деді ол.
Бүгінде ер адам балаларын мектептен өзі алып кетуге мәжбүр, өйткені ол олардың қауіпсіздігі үшін алаңдайды.
«Мен балаларды өзім алып кетуім керек, себебі біздің мектептің жанында қауіп болуы мүмкін , онда көптеген көліктер мен жолдарда шұңқырлар бар», – деді тұрғын.
Ахметжановтың айтуынша, сағат белдеуінің өзгеруі азаматтарға айтарлықтай қолайсыздықтар туғызды. Осыған байланысты ол Қазақстан аумағындағы уақытты есептеу тәртібі туралы 2000 жылғы үкімет қаулысының күшін жоюды талап етіп, сотқа жүгінген. Өскемендік тұрғынның айтуынша, уақытты өзгерту туралы қаулыда үкіметке осы нормативтік актіні қабылдау құзіретін беретін нақты заңға сілтеме жоқ.
«Құқықтық актілер туралы заңда заңға тәуелді актілер қабылданатын заң актілері нақты жазылуы керек деп көрсетілген, бірақ бұл қаулыда жоқ, бұл –заңбұзушылық», – деді ол.
Өскемен тұрғынының айтуынша, қаулы тиісті заңды негізсіз қабылданған әрі халықтың пікірі ескерілмеген.
Адвокаттың айтуынша, сот азаматтық іс қозғап, оған сауда және интеграция министрлігі мен оның техникалық реттеу және метрология комитеті тартылған.