Енді елімізде экологиялық ахуалды жақсарту үшін қатты қалдықтар өңдейтін 94 жоба іске асады. Бұл мақсатқа 180 млрд теңге бөлінді. Оның 2,2 млрд-ы Жамбыл облысына арналған. Қаржыға қалдық өңдейтін 3 кешен салынбақ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі өңір тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Жалпы бір ғана Тараздың өзінде жылына 20 мың тоннаға жуық қатты қалдық шығады. Алайда оны өңдейтін кәсіпорын жоқ. Соның салдарынан полигонда 2,5 млн тонна қоқыс жиналған. Жоба жүзеге асқан жағдайда қоқысты 30% азайтуға болады.
Мансұр Ошурбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:
2,2 млрд теңге бөлініп жатыр. Біз соған сенеміз. Тараз қаласында 3 сұрыптау зауыты салынса, контейнерлер жақсы болса, жаңа контейнерлер қойылса, ол экологиялық мәселелерді шешуге септңугіңн тигізеді. Тараз қаласының экологиялық ахуалы жақсы болады деп ойлаймыз.