Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Президент реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету аясында палатаның атқарған қызметі туралы баяндаған Мәжіліс спикері сессия басталғаннан бері қабылданған заңдар туралы есеп берді. Олардың ішінде Бюджет кодексі, биржалық сауда мәселелері бойынша заңдар, есірткі қылмысы үшін жазаны қатаңдату, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесін енгізу, соттарды жаңғырту, әкімшілік заңнаманы жетілдіру және тағы басқалары бар. Қазір депутаттар 71 заң жобасын қарап жатыр. Бұдан бөлек, Мәжіліс заң шығару жұмысының ашықтығына, оған қоғам мен сарапшылар қауымдастығын тартуға ерекше мән беретінін және парламенттік дипломатия бағытындағы жұмыстың қорытындылары жөнінде мәлімет берді.
Трендте
- Жамбы атудан жыл үздіктері марапатталды
- Қазақстанда 90 млн гектар жер деградацияға ұшыраған
- Қазақстанда 90 млн га жер деградацияға ұшыраған: сарапшылар проблеманы шешудің жолдарын қарастырады
- Атырауда 400 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді
- Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
- Солтүстік Қазақстанның Подгорое ауылында бір жылда 6 үй өртенді
- Қызылорда облысында 106 отбасы баспаналы болды
- Әли Хаменей: Сириядағы оқиғалар – АҚШ пен Израильдің жоспары