Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды. Мұндай шектеуге Юн Сок Ельдің елде әскери жағдай енгізуіне қатысты тергеудің басталуы себеп. Полицияның мәлімдеуінше, бұл іс заңға және жалпы қағидаларға сай жүріп жатыр. Тергеу шеңберінде бүгіннен бастап президент елден кете алмайды. Мемлекет басшысынан жауап алынуы да мүмкін. Бұған дейін мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен қамауға алынды. Кейбір мәліметтерге сай, ол елде әскери жағдай енгізу шешіміне бастамашы болған.
Трендте
- Жамбы атудан жыл үздіктері марапатталды
- Қазақстанда 90 млн гектар жер деградацияға ұшыраған
- Қазақстанда 90 млн га жер деградацияға ұшыраған: сарапшылар проблеманы шешудің жолдарын қарастырады
- Атырауда 400 млн теңге бюджет қаражаты үнемделді
- Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды
- Мемлекет басшысы ҰОК президенті Г.Головкинді қабылдады
- «Теңіз» кен орнының ашылғанына биыл 45 жыл
- Сергеев су қоймасы 8 айдан бері тасып жатыр: Қандай қауіп бар?