Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартты. Мәселен, Ордабасы мен Мақтаарал аудандарында 5 елдімекеннің тұрғындары «Ішімдіксіз ауыл» жобасына қолдау білдіріп, сол тізімге қосылған. Ал Келес пен Сайрам ауданындағы 7 ауылда спирт өнімдері сатылмайды. Сол сияқты Қазығұрт ауданындағы Шарбұлақ ауылында жергілікті халық ішімдіктен біржола бас тартып, салауатты өмір салтын ұстанады. Қазір ауылдағы бір де бір дүкенде ішімдік сатылмайды. Мұндағы жастардың басым бөлігі спортпен шұғылданып, өнерге бет бұрған.
Әділбай Боранбайұлы, Шарбұлақ ауылының тұрғыны:
Бастамамызды құптап, дүкендер қазір ішімдік сатып жатқан жоқ. Ауылымыз қазір тыныш. Осыдан туындайтын қылмыс, көптеген ұрлық-қарлық, бұзықшылық енді тыйылады деген ойдамын.