Украинада артиллериялық атқылау және әуе шабуылдары жиілеп кетті. Осыған байланысты елшілік Украинада жүрген отандастарымызға ескерту жариялап жатыр, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Олар мүмкіндік болса, қауіпсіз жерге көшуге немесе Украинадан кетуге кеңес береді. Егер сол елде жүрген азаматтарымыз Қазақстанға ораламыз десе, Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады.
Ескерте кетейік, Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы міндетті. Ал Молдова бойынша виза қажет емес. Қандай да бір мәселе туындаса, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі ұсынған мына нөмірлерге хабарлассаңыз болады.
Украинада жүрген Қазақстан азаматтарының назарына
Елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596, +38(044) 4891031
Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408