Үкімет баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда IT-мамандарға сұраныс артып келеді. Бүгінде бұл салада жұмыспен қамту 12%-ға өсіп, 187 мың адамға жетті. Отандық IT-компаниялардың саны 18 700-ге жуықтаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының бағалауы бойынша Қазақстан электронды үкіметтің даму рейтингінде 193 елдің арасында 24-ші орында. Ал онлайн қызметтер индексі бойынша 10 көшбасшы елдің қатарына кіреді.
Иә, БҰҰ бағалауы бойынша Қазақстан цифрландыру саласында үлкен жетістіктерді көрсетіп отыр. Биылғы жылы IT-саласы қарқынды өсімді көрсетті.
Отандық ІТ өнімдер экспортталуда
Қазақстан IT өнімдерін 86 мемлекетке экспорттайды. Бұл – Орталық Азиядағы ең жоғары көрсеткіш. Экспорттың негізгі бағыттары – Ресей, Ирландия, Мексика, АҚШ және Сингапур елдері