• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Қазақстандықтардың жол сапасына көңілі тола ма? — мониторинг

Қазақстандықтардың жол сапасына көңілі тола ма? — мониторинг

2 декабря, 2024 Басты тақырып

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры әлеуметтік мониторинг жүргізіп, бұл жолы қазақстандықтардың жол сапасына қаншалықты көңілі толатынын анықтады. Қатысушылар сауалдарға жауап беріп, жолдардың қазіргі жай-күйін бағалап, сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

Биыл елде 12 мың шақырым трасса мен 2,5 мың шақырым облысаралық және ауданаралық автокөлік жолы төселіп жөнделді. Бұл   бұрын-соңды болмаған көлем. Алайда «Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қорының әлеуметтік мониторингі тұрғындардың 40% ы ғана осы жылы өз елді мекеніндегі жолдың жақсарғанын атап өткен. Әлеуметтік мониторинг сауалдарына жауап бергендердің төрттен бірінен астамы соңғы жылда жағдай өзгерген жоқ деп санайды. Ал 30%-і керісінше нашарлады деп отыр.

Мониторинг қорытындысына сәйкес, жауап берушілердің 68,5% елдегі жол құрылысының қарқынына көңілі толмайды. 70%-тен астамы жөндеу жұмыстарының сапасы көңіл көншітпейді деп отыр. Өз пікірін білдірген тұрғындардың жартысы былтыр ғана жөнделген жолдар жарамсыз болып қалды деген ойда.

Жол инфрақұрылымымен байланысты мәселелердің ауқымы кең. Қазақстандықтардың пайымынша, ең бастылары мынадай:

  • сапалы магистральдар аз (58%);
  • тұрғын аудандардағы жолдың жай-күйі нашар (46%);
  • магистральдарда жарық жоқ, жолдарда шұңқыр көп (39%);
  • жөндеу қарқыны баяу (39%);
  • суағарлар жоқ, аудандардағы жолдар жарықтандырылмайды (34% және 31%);
  • қар дұрыс тазаланбайды әрі көктайғаққа қарсы шаралар жасалмайды (29%);

Айта кетерлігі, қазақстандықтар республикалық маңызға ие жолдарға қарағанда, өз елді мекеніндегі жолдардың жағдайын жақсы деп бағалады. Шамамен 60%-ға жуығы мұндай жолдардың жағдайы жақсы және қанағаттанарлық деп отыр. Алайда қала тұрғындарымен салыстырғанда жол сапасына ауыл тұрғындарының шағымы көбірек.

Әлеуметтік мониторинг қатысушыларының 60% астамы сапасыз жол кесірінен өзі немесе жақындары апатқа түскенін айтқан. Ал 11%-і мұндай жағдай бір реттен көп болды деген нұсқаны белгілеген.

Халықтың жол сапасына көңілі толмауының басты себебі – жемқорлық пен ұрлық (38,83%). Екінші орында  – жергілікті билік органдарының жұмысы олқы (17,31%), ал үшінші орында – Үкімет тарапынан бақылаудың болмауы (12,2%). Жол қызметтерінің нашар жұмысы тізімді түйіндеп тұр  (11,53%).

Әлеуметтік мониторинг аясында қатысушылар елдегі жолдардың жағдайын  жақсартуға қатысты өз пікірімен де бөлісті. 60%-і жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру керектігін айтса, жолдарды кеңейту және жолақтарды арттыру деген нұсқаны қатысушылардың 34%-і таңдаған. Жөндеу қарқынын жылдамдату және құрылыс кезінде заманауи технологияларды қолдану шараларын 33% және 31% ы  атап өткен.

Сондай-ақ, әлеуметтік мониторингке қатысушылар автокөлік жолдарының жай-күйін жақсартуға қатысты ұсыныстарын білдірді:

— билік пен қоғам белсенділері тарапынан жол салу және жөндеу жұмысының сапасына бақылауды күшейту;

— құрылысқа бөлінген қаражаттың пайдалануына бақылауды күшейту;

— құрылыс пен жөндеу барысында технологияларды сақтауға бақылауды күшейту

—  заманауи технологияларды қолдану.

Әлеуметтік мониторингтің қорытындысы бойынша қазақстандықтар жол құрылысы мен жөндеу барысында қоғамдық бақылауды күшейтуді қалайтынын көрсетіп отыр Сонымен қатар мониторингке қатысушылардың дені жол сапасына қатысты ақпарат жинақталатын арна — «ҚазАвтоЖолдың» тегін байланыс орталығын білмейді.  Жауап берушілердің 77% осындай нұсқаны белгіледі (ал ауылдарда бұл көрсеткіш 80%-тен асады).

 

«Біз қоғам тарапынан жұмыс барысына, мердігерлерге, жол құрылысы мен жөндеу сапасына қоғамдық бақылау орнатуға деген сұраныстың жоғары екенін көріп отырмыз. Қазақстандықтар бұл мәселені шешу үшін мемлекетпен, бизнеспен әріптестікке әзір. Қорымызда қоғамдық бақылаудың іс жүзінде тексерілген тәжірибесі бар және біз автокөлік жолдарының жағдайын жақсарту үшін күш біріктіруге дайынбыз. Қор белсенділері жағдайды өзгерту үшін ашық бақылау, заманауи технологияларды енгізу және жол жұмыстары кезінде азаматтардың мониторингке белсенді қатысуы керек екеніне сенімді», — деді «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қорының директоры Дана Рысмұхамедова.

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры Жол сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті биыл 5 — 25 қараша аралығында онлайн форматта өткізді. Мониторинг сауалдарына барлық өңірден 5681 тұрғын жауап берді. Қатысушылардың жартысы —  күн сайын көлікпен жүретін жүргізушілер.

Оқылып жатыр

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024840 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алтын мен күмістің бағасы күрт төмендеді

Әлем 1 февраля, 2026

Астана. 1 ақпан. BM.KZ – Әлемдік нарықта қымбат металдардың бағасы күрт төмендеді. Күміс бір күнде…

Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы атанды

1 февраля, 2026

Павлодарда салынып жатқан көпірде өрт шықты

1 февраля, 2026

1 ақпанда елдегі қай жолдар жабық

1 февраля, 2026

Елена Рыбакина Australian Open чемпионы атанды

31 января, 2026

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

31 января, 2026

Ұлттық ресурстардан түскен табысын 200 мыңнан аса бала пайдаланған

31 января, 2026

Трамп АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметі мен Қаржы министрлігін сотқа берді

31 января, 2026

Елімізде балалардың қауіпсіздігі жасанды интеллектпен бақыланбақ

31 января, 2026

Жаңа Конституция жобасы жарияланды

31 января, 2026

«Богатыр Көмір» жұмысшысы өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан көз жұмды

30 января, 2026

ҰБТ-да балл сатқан ақтөбелік мұғалім сотталды

30 января, 2026

Қазақстанда волонтерлердің цифрлық төлқұжаты жасалады

30 января, 2026

Жаңаөзенде жеті баланың анасын күйеуі пышақтап өлтірген

30 января, 2026

Өскеменде ауа сапасының нашарлауы салдарынан оқушылар қашықтан оқытуға көшірілді

30 января, 2026

ШҚО-да басқарма басшысы 134 млн теңге пара алғаны үшін тұтқындалды

30 января, 2026

Шымкенттегі түнгі клубтардың бірінде тыйым салынған «күлкі газын» сатып келген

30 января, 2026

Жұма күні елдегі қай жолдар жабық

30 января, 2026

Australian Open: Заңғар Нұрланұлы алғаш рет жартылай финалға шықты

30 января, 2026

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

29 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.