Қостанай облысының Тобыл қаласында пластик қалдықтарынан қайта өңделген бұйымдардың байқау-көрмесі өтті.
Іс-шара «Таза Қазақтан» акциясы аясында ұйымдастырылды. Мұндағы заттардың бәрі балалардың қолымен жасалған. Көрмеге дайын өнімдер қойылды. Оның сыртында қосымша білім беру педагогтары жеткіншектерге шеберлік сағаттарын өткізіп, қалдықтың қалай өңделіп, жаңа дүниеге айналатынын үйретеді. Қалдықты сұрыптау, қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қараудың маңызы жайлы әңгімелейді.
Байқау-көрме қорытындысы бойынша қатысушылардың үздік жұмыстары грамота және сыйлықтармен марапатталды.
Мерейім Көбекова, оқушы:
Біздің макетіміз толық экологиялық, яғни лақтырып тастаған материалдардан жасалған. Мысалы, жұмыртқаның қабығын қоқысқа тастайсыз. Ол бізге қандай пайдасын тигізеді? Сол үшін осы макетті жасауға болады деген мақсатта жасадық.