Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ЖШС директорының орынбасарына қатысты айыпты үкім шықты, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Сотталушы А. 2023 жылдың шілде айында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты алу мәселесін ҚР Премьер-Министрдің орынбасары арқылы «шешіп бере алатындығын» айтқан.
Келесі күні А. К.-ға ҚР Премьер-Министрдің орынбасарымен кездесуге барғанын хабарлап, ол көрсетілген келісім-шартты алуға көмектесуге келіскенін айтқан. Бұл үшін пара ретінде 500 000 АҚШ долларын беретінін ескерткен.
2023 жылғы 9 және 13 шілдеде К. А.-ға 250 000 АҚШ долларын аударған, бұл 111 335 000 теңгеге тең.