Бұл дегеніміз қай банктің клиенті болсаңыз да, кез келген терминал арқылы төлем жасай алатын боласыз.
«Мәселен, қазір дүкенге барғанда, сізден Halyk немесе Kaspi арқылы төлейсіз бе деп сұрайды. Ал Kaspi терминалы Halyk қосымшасын қабылдамайды», — деп түсіндірді Тимур Сүлейменов.
Ол жыл соңына дейін жүйені пилоттық режимде қосуға уәде берді. Ал келесі жылдан бастап оған барлық банктер қосылатын болады.