• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » 2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады

2026 жылы салық режимін қалай таңдауға болады

20 января, 2026 Басты тақырып
Фото: Үкімет

Астана. 20 қаңтар. BM.KZ – 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Cоған сәйкес арнаулы салық режимдерінің саны үшке дейін қысқартылды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлерге қандай режимдер қарастырылғанын және қандай жағдайда 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық режимін таңдау туралы хабарлама беру қажет екенін түсіндірді.

Жаңа Салық кодексінде келесі үш арнаулы салық режимі көзделген: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін; оңайлатылған декларация негізіндегі режим; шаруа және фермер қожалықтары үшін.

— Жаңа Салық кодексі аясында арнаулы салық режимдерінің саны қысқартылды, яғни олар үшке дейін оңтайландырылды. Бұған дейін олардың саны жеті болған. Қазіргі таңда үш арнаулы салық режимі қалды. Біріншісі – оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі. Екіншісі – өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі. Үшіншісі – шаруа және фермер қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі, — деп атап өтті ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шыңберген.

Кәсіпкерлер нені білуі тиіс:

Оңайлатылған декларация негізіндегі АСР Осы режимді қолдануды жоспарлап отырған салық төлеушілер 

  • 2026 жылғы 1 наурызға дейін қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.
  • Егер көрсетілген мерзімде хабарлама ұсынылмаса, салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібіне ауыстырылады.

Хабарламаны:

  • Салық төлеушінің кабинеті (АЖ СӘИЖ жүйесінде «Құжаттарды тапсыру» — «Қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама» бөлімі).
  • «E-Salyq Business» арнайы мобильді қосымшасы арқылы («Қызмет» — «ЖК салық салу режимін өзгерту» бөлімі).
  • Қағаз нұсқада орналасқан жері бойынша МКБ арқылы;
  • Банктердің мобильді қосымшалары арқылы (қазіргі уақытта бұл сервис Kaspi Bank қосымшасында «Мемлекеттік қызметтер» — «ЖК реквизиттері мен салық режимін өзгерту» бөлімінде іске асырылған) беруге болады.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режиміне көшу

  • 2026 жылғы 1 наурыздан бастап салық органдары 2025 жылы патент негізіндегі АСР немесе арнайы мобильді қосымшасы арқылы АСР қолданған салық төлеушілерді ЖК ретінде есептен автоматты түрде шығарады.
  • Есептен шығару күні ретінде 2026 жылғы 1 қаңтар танылады, бұл ретте салық төлеушінің есептен шығу туралы өтінішті өз бетінше беру құқығы сақталады.
  • Егер салық төлеуші қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама тапсырып, өзге режимді таңдаған жағдайда, есептен шығару жүргізілмейді. Бұл ретте өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған АСР қолдана басталған күні ретінде «E-Salyq Business» мобильді қосымшасында алғашқы чек қалыптастырылған күннен танылады.

Шаруа және фермер қожалықтары (ШФҚ) үшін арнаулы салық режиміне көшу

Аталған режимге көшу 2026 жылғы 1 наурызға дейін салық органдары арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады және хабарлама тапсыруды талап етпейді.

Салық Үкімет экономика

Оқылып жатыр

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024839 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Алматы әуежайында 6,8 млрд теңге көлемінде дивидендтер заңсыз төленген

Жаңалықтар 27 января, 2026

Астана. 27 қаңтар. BM.KZ – ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті профилактикалық бақылау барысында…

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі тағайындалды

27 января, 2026

Қазақстандық ұшақтар Иранды айналып ұшатын болады

27 января, 2026

Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

27 января, 2026

Бағалар күрт өсті, халық наразы: Қазақстан экономикасында не болып жатыр?

27 января, 2026

Олжас Бектенов Kazakh Tourism басшысына: Нәтиже болмаса, қоштасамыз

27 января, 2026

Қарашығанақ операторлары Қазақстанға 4 млрд доллар өтемақы төлеуі мүмкін

27 января, 2026

Өңірлер әлеуметтік маңызы бар көкөністер мен жүгері егісін ұлғайтады

27 января, 2026

Оралда 16 жастағы жасөспірім алты күннен бері іздестіріліп жатыр

27 января, 2026

Геннадий Головкин Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті

27 января, 2026

Семейде ер адам полицейлердің екі көлігін өртеп жіберген

27 января, 2026

Үндістанның ірі әуе компаниясы Алматыға рейстерін тоқтатты

27 января, 2026

Мемлекет басшысы: тәртіпсіздік пен заңсыздыққа жол беруге болмайды

26 января, 2026

Қазақстанда Нипах вирусына байланысты санитарлық бақылау күшейді

26 января, 2026

Алматыда дәрігерлер жүкті әйелдің жүрегіне ота жасады

26 января, 2026

Атырауда күкіртсутек мөлшері рұқсат етілген деңгейден 36 есе асып кетті

26 января, 2026

Жарқанаттар, жанаттар, жыландар: 2025 жылы тағы қандай жануарлар құтқарылды

26 января, 2026

4,5 млрд теңге залал: фармацевтика саласында ірі қылмыс жасаған тұлғалар ұсталды (ВИДЕО)

26 января, 2026

Футболдан Еуропа чемпионы «Ақтөбе» футбол клубында ойнайды

26 января, 2026

ІІМ: әлеуметтік желідегі танысу туралы жазбалардың артында алаяқтар тұруы мүмкін

26 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.