Экология және табиғи ресурстар министрі Үкімет отырысында 2027 жылға дейін елімізде 2 млрд ағаш отырғызу жоспарланғанын мәлімдеді.
Бүгінгі күнге дейінгі нәтижелер:
1,3 миллиард ағаш мемлекеттік орман қоры аумағында отырғызылды;
Оның ішінде:
48,7 миллион сексеуіл көшеті Арал теңізінің құрғаған табанына егілді;
Елді мекендер аумағында 15 миллион ағаш отырғызу тапсырмасы толық орындалды.
Бұл бастама климаттың өзгеруіне қарсы күрес, экологиялық ахуалды жақсарту және болашақ ұрпаққа жасыл мұра қалдыру мақсатында жүзеге асырылады
