2029 жылға қарай адамзатқа алғаш рет уақыттан бір секунд шығарып тастауға тура келеді. Тәуліктің ұзақтығы 30 маусымда немесе 31 желтоқсанда қысқарады, деп хабарлайды «Известия» телеарнасы.
Ғалымдардың айтуынша, мұздықтардың еруі планетаның айналуын баяулатады. Nature журналында бұл процесс жаһандық уақыт есебіне әсер ететіні атап өтілген еді. Бұған дейін секундтық түзетулер тек оң белгіге ие болатын. Соңғы уақыт түзету 2017 жылғы 1 қаңтарда болған еді.