Бүгін оның ЭКГ, жүрек эхо-кардиографиясы және өкпе рентгені сияқты медициналық тексерістері белгіленген. Дәрігерлер Ербаянның ұзақ уақыт арқасымен жатуы қан тамырларына жүктеме түсіріп, өкпеде тоқыраулы пневмонияның бар-жоғын анықтауы керек, деп хабарлайды Баймедиа.кз. Бұл туралы Ербаянның Instagram парақшасында белгілі болды.
Ербаянның денесі ұзақ сапарға дайын болуы қажет. Жақын арада оның туыстары Германия елшілігіне барып, қабылдауға өтініш беруді жоспарлап отыр. Ербаянның ата-анасы жақын арада ұшуға дайындық ретінде өздеріне паспорт жасатуды қолға алуда. Әзірге Ербаянның медициналық құжаттары ағылшын тіліне аударылмаған, бірақ олар бірнеше әлемдік клиникаларға, соның ішінде Германиядағы клиникаларға да жіберілген. Жауап күтілуде, емдеу сомасы әлі белгісіз, себебі клиника әлі таңдалған жоқ.
Еске салайық, өткен жылдың желтоқсан айында әскери қызметші Ербаян Мұхтар комаға түскен болатын. Әскери бөлімдегілер оның әжетханада құлап, басын плиткаға соғып алғанын айтып, бұл оқиғаны жазатайым жағдай деп түсіндірген. Алайда туыстары бұл нұсқаны қабылдамады. Ербаян бас сүйек-ми жарақатын алған, ол Алматы қаласындағы 5571 әскери бөлімінің ұлттық гвардиясында қызмет еткен.