Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекара астында 450 метрлік құпия тоннель қазып, жанармайды заңсыз өткізумен айналысқан халықаралық қылмыстық топтың жолы кесілді.
Тергеу барысында белгілі болғандай, қылмыстық топ шекара маңында 450 метрлік жерасты өткелін қазып, екі ай бойы жанар-жағармай өнімдерін жасырын түрде Өзбекстанға өткізіп келген. Тасымал шетелден қаржыландырылған, арнайы логистикалық бағыттар мен жеткізу арналары құрылған.
Операция аясында өзбек тарапы да өз аумағында дәл осындай шараларды қатар жүргізген. Нәтижесінде қылмыстық әрекетке қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазақстанның бес азаматы күдікті ретінде танылып отыр.
Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.
