Атыраулық «Батыстың әжесі» — Хадиша Аймұхамбетова TikTok-та стримге шығып, 1 жылда 10 миллион теңге тапқан.
Бұл туралы ол Хабар арнасының журналистеріне берген сұхбатында айтты.
— Қарашаның төртінде TikTok-қа кіргеніме бір жыл болды. Балам «үйде бала қарап отырсың ғой, TikTok-қа шығасың ба?» деді. Ойбай, шығайын, маған да ермек керек дедім. Қалаға келгелі әңгімелесетін үлкен адам жоқ. TikTok-ты шайқап жатырмын. Мені «әжеге болсын» деп қазақтар қолдайды. Үлкен кісі деп сыйлайды, — дейді әже қуанып.
TikTok-та «Батыстың әжесіне» 87 000 адам жазылған.
Желі қолданушылары «Алла сізге күш-қуат берсін!», «Аман-сау жүріңіз!» деп әжені қолдап жатыр.