Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының басты міндеттері туралы баяндады
«Бірінші міндет – ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету. Бұл 655 МСАК нысаны. Екінші – ауыл халқына шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін арттыру. Үшінші – ауылдық денсаулық сақтау нысандарын медицина кадрларымен қамтамасыз ету. 1100 медицина қызметкерін даярлау жоспарланып отыр».