Италияда бокстан Париж олимпиадасына бірінші іріктеу турнирі аяқталып, Қазақстан ерлер құрамасы бес салмақта олимпиада жолдамасын иеленді. Сонымен Италиядағы жарыста мына боксшылар Париж олимпиадасына лицензия алды:
Сәкен Бибосынов (51 кг)
Махмұд Сабырхан (57 кг)
Асыланбек Шымбергенов (71 кг)
Нұрбек Оралбай (80 кг)
Айбек Оралбай (92 кг)
Былтыр Қытайдағы жазғы Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) күміс жүлдегер атанып, олимпиада жолдамасын алған еді.
Қазір Қазақстанда ерлер арасында 63,5 келіде ғана жолдама жоқ. Италиядағы жарыста Мұхаммедсабыр Базарайұлы қатысып, екінші айналымда жеңіліп қалды.
Бокстан әйелдер құрамасы Италиядағы іріктеу жарысында бес боксшы алып барып, барлығы да жолдама иелене алмады. Енді әйелдер құрамасы да Таиландтағы екінші іріктеу жарысында лицензияға таласады. Әйелдер боксынан Париж олимпиадасына Қазақстанда бір жолдама ғана бар. Былтырғы Азия ойындарында Карина Ибрагимова (57 кг) лицензия иеленген.