Астана. 27 қазан. BM.KZ – Абзал Нүкенұлы Нүкенов лауазымынан босатылды, бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Абзал Нүкенұлы Нүкенов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
