Биылдан бастап Ресейде «адыраспан» тыйым салынған өсімдіктер тізіміне енді.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі осыған орай мәлімдеме жасады.
«Адыраспанды Ресейге апарғаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген. Бір миллион рубльге дейін айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған», – деді ведомство өкілі.
Ал аса ірі мөлшерде апарғаны үшін 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.
Сол үшін шет елдерде тыйым салынған заттар тізіміне енуі мүмкін өсімдіктерді немесе дәрілік заттарды тасымалдау кезінде ерекше сақ болу керек екенін ескертті.