• Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Menu
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Главная страница » Баян-Өлгий аймағында «Құсбегілер сарайы» салынады — шетелдегі қазақ баспасөзі

Баян-Өлгий аймағында «Құсбегілер сарайы» салынады — шетелдегі қазақ баспасөзі

16 мая, 2024 Қандастар
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Баян-Өлгий аймамағында «Құсбегілер сарайы» салынады — Janadauir

құсбегі
Фото: janadauir.com

Моңғолияның «Жаңа дәуір» басылымы «Қазақ құсбегілік одағының» атқарушы директоры Бекболат Бұғыбайұлымен өткізілген сұхбатын жариялады. Аталған БАҚ-тың дерегінше, Баян-Өлгий аймақтық құсбегілік одағының бастамасымен осы аймақта «Құсбегілер сарайы» салынады. Тілші одақтың атқарушы директорынан бұл жоба негізінен қашан жүзеге асатынын сұраған.

Бекболат Бұғыбайұлының айтуынша, Баян-Өлгий аймағында бүркітшілердің екі одағы бар. Соның бірі – «Қазақ құсбегілік одағы» өз іс-қызметін жүргізгелі биыл 3 жылдың жүзі болған. Одақтың төрағасы көп жылдар бойы табиғат, туризм саласын басқарған Атай Аятханұлы. Ал, Бекболат Бұғыбайұлы атқарушы директор қызметінде. Осы уақыт аралығында құсбегілер сайысын ұйымдастыру, құсбегілер туралы кітап шығару, материал жинақтау қатарлы шаруалар жүргізілді. Өткен жылы бүркітшілер тойын Сары көлде ұйымдастырған. Бұған дейін 24 рет бүркітшілер тойы өткен екен. Соның арқасында әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген саяхатшыларға танылған. Бүркіт және бүркітшілер ұлттық бренд дәрежесіне көтеріліпті.

Алайда олардың бір кемшілігі – тек бүркітшілер тойы кезінде ғана бүркітшілерді еске алады. Сондықтан да осы кісілердің басын қосқан бір ұйым болсын. Ол ұйымның өз сарайы, бүркітшілер туралы мағлұматты бір орталықтан алсын дегенді мақсат тұтқан. Сарайдың көлемі – 120 шаршы метр. Киіз үй тәріздес. Шетелдік қонақтар мағлұмат алса, алыс жолдан келген бүркітшілеріміздің бас сұғатын ордасы деп түсінсе болады.

Аталған орталықта бүркітті отырғызатын жеке үйшік тәріздес кабинка, ат байлайтын жеке қора, сарайдың сыртында қашасы, дәретхана және тағы басқалай дүниелер де ойластырылған. Олар осы ойларын іске асыру үшін қаржы енгізетін шетелдік компанияларға, қорларға жобасын таныстыру нәтижесінде «Cultural Sanctuaries Foundation» атты ұйым қаржы енгізіп, бүркітшілер сарайының сурет жобасы жасалып бектілген.

Қазіргі таңда бір компаниямен шарт жасау арқылы құрылыс жұмысы басталмақ көрінеді. Ендігі жоспар бойынша, келесі бүркітшілер тойына дейін аяқталады деп күтілуде.

Моңғолиялық басылымның мәліметінше, «Cultural Sanctuaries Foundation» ұйымы мәдени мұраны қорғау, сақтау, болашаққа жеткізу мақсатында жұмыс істеп отырған бейресми ұйым. Орталығы – Америка Құрама Штатында. Ал енді мақсатына келсек – қазіргі таңда көптеген ұлттық брендіміз арқылы, сервис даяшылықтарын жақсарту арқылы елімізге, аймағымызға көптеген турист тарту.

«Қазақ құсбегілік одағының» атқарушы директоры Бекболат Бұғыбайұлы сұхбатында тілшінің тағы бірнеше сұрақтарына жауап берген.

Хунанда сауыт-дулыға жасайтын қандасымыз Естай Кәдірқанұлы – CNR

сауыт жасайтын шебер
Фото: mp.weixin.qq.com

Сауыт-дулыға жобалаушысы Естай көне мұраны жаңғыртуда.

Қытайдың Хунань өлкесі Чаңша қаласының оңтүстік шетіндегі шағын ауданда орналасқан қарапайым жұмыс бөлмесінде бір қазақ жігіті сауыт-дулыға жасаумен айналысады. Оның аты-жөні Естай Кәдірқанұлы. Сауыт-дулыға жасау орнының жобалаушысы Е.Кәдірқанұлы аталған жұмыспен айналысқанына 14 жыл болыпты, деп хабарлайды Қытайдың «Орталық халық радиосы».

Қытайлық БАҚ-тың мәліметінше, сауыт-дулыға жасау біршама күрделі, қиындығы бар өнерге жатады. Оның үстіне қоғамның және ғылым-техниканың бүгінгідей дамыған заманында жеке қорғаныс бұйымы ретінде қолданылатын сауыт-дулығаға қажетсіну төмендегені белгілі. Сол себепті бұл жұмыстан пайда табу қиындау болады. Дегенмен қызығушылықтан басталған кәсіпті жалғастырудың қиындығы болғанымен, Естай Кәдірқанұлы алда мүмкіндіктердің көп болатындығына сеніммен қарайды екен.

Қытайдың ішкі өлкелерінде тұрып, ерекше өнермен шұғылданып жатқан Естай Кәдірқанұлынан осы аптада Қытайдың Орталық халық радиосының тілшілері Гүлбақша Мәдіқызы мен Айнұр Гіміңғазықызы арнайы барып дайындаған бейнежазбаны ұсынған.

Түркия телерадио корпорациясы 60 жаста — TRT

ТРТ
Фото: trt.net.tr/kazakh

Түркияның көру және есту жадысы Түркия телерадио корпорациясы (TRT) 60 жаста. Жарты ғасырдан астам уақыттан бері ұмытылмас эфирлер мен жаңалықтар TRT экранынан көрерменге ұсынылып келеді.

Бұл туралы Түркия Радио Телевизия порталы хабарлады.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, Түркияда 1927 жылы 6 мамыр күні радио эфирлері басталған TRT-нің кейін телеарналары іске қосылды.

Алғашқы эфирін 1968 жылы 31 қаңтар күні Митхатпаша студиясынан басталған TRT-нің 1964 жылы 1 мамыр күні қабылданған заңмен Түркия телерадио корпорациясы ретінде негізі қаланған.

Әр кезең сайын өзін жаңартып, өз саласында ізашар болып келе жатқан TRT Түркияның көру және есту жадысына айналды.

«TRT 41 тілде және диалектіде таратқан эфирлері және «TRT Germany», «TRT Russian», «TRT French», «TRT Balkan», «TRT Africa», «TRT Spanish» сандық хабар тарату платформалары мен халықаралық жаңалықтарды әлем жұртшылығына ұсынады. Бүгінгі таңда TRT өзінің теле-радио арналары және халықаралық хабар тарату топтарымен 7 құрлыққа хабар тарату және өндіріс қызметін сәтті түрде жүзеге асыруда. 60 жылдық тәжірибесімен дұрыс және бейтарап қоғамдық хабар таратудың жалғыз мекенжайы TRT түрік халқының үні болуды жалғастыруда», деп жазады түркиялық БАҚ.

Сианнан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды – «Халық газеті»

пойыз
Фото: kaz.people.cn

Қытайдың Сиань қаласынан Алматыға жолаушылар пойызы қатынайды, деп хабарлады «Халық газеті» қазақстандық «sputnik.kz»-ке сілтеме жасап.

Аталған ақпарат көздерінің келтірген деректеріне сүйенсек, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшылары және Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосуды ұйымдастыру мәселесін талқылаған.

Туристік пойыз «Үрімжі — Алматы-2» қатынасындағы №103/104 жолаушылар пойызының кестесі бойынша Қорғас-Алтынкөл шекаралық өткелі арқылы жүреді.

Айта кету керек, бұл пойыз Алматы-2 станциясында бірнеше күн тұрақтайды. Осы уақыт ішінде қазақстандық тарап жолаушылар үшін теміржол вокзалында қауіпсіздік шараларын қолданып, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға көмек көрсетеді.

Теһрандағы Қазақстан елшілігінде «Шаңырақ» атты қазақ ұлттық бұрышы ашылды — Parstoday

Теһран
Фото: parstoday.ir/kz

Иран астанасы Тегерандағы Қазақстан елшілігінде Наурыз мейрамы мен 1 мамыр – Бірлік күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылып, «Шаңырақ» қазақ ұлттық бұрышының ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Иранның «Parstoday» ақпарат агенттігі.

Аталған БАҚ-тың хабарлауынша, мерекелік шарада Қазақстанның Ирандағы жаңа елшісі Оңталап Оңалбаев мырза сөз сөйлеп, Қазақстан мен Иранның сауда-экономикалық байланыстарына тоқталып, Қазақстанда болып жатқан су тасқынына байланысты бірқатар халықаралық шараның онлайн форматта өтетінін, су тасқынынан зардап шеккендердің бәріне толық көмек берілетінін айтқан. Сонымен бірге наурыз мейрамын тойлауға арналған «Наурызнама» атты жаңа форматтың ерекшеліктерін санамалап өткен. Соған сәйкес, Қазақстан елшілігінің ғимаратында қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнер бұйымдарын дәріптеуге арналған «Шаңырақ» атты тұрақты ұлттық бұрыштың ашылғанын жариялаған.

Айта кетейік, мерекелік шара барысында қазақтың әні айтылып, күйі шертіліп, биі биленді. Ұлттық ойындар ойналып, қонақасы берілді.

Арал теңізінің бойында ұялы байланыс пен интернет желісі іске қосылды — «ӨзА»

интернет
Фото: Pexels

Туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Арал теңізі жағалауында ұялы байланыс пен интернет желісі іске қосылды.

Бұл туралы өзбекстандық «ӨзА» ақпараттық агенттігі хабарлады.

Өзбекстандық БАҚ-тың Қарақалпақстан Жуқорғи Кенгесине сілтеме жасап хабарлауынша, бұл жағдай Өзбекстан Президентінің 2024 жылғы 9 ақпандағы шешімі негізінде жүзеге асырылған.

Келтірілген деректерге сүйенсек, Қарақалпақстан Республикасын кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуды және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы қаулыға сәйкес 2024 жылдың наурыз айында туристерге қолайлы жағдай жасау мақсатында ұялы байланыс операторларымен бірлесе жұмыс жасамақ. Сол арқылы Арал өңірін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамту мүмкіндігін зерделеу және сәуір айында Арал өңірін жоғары жылдамдықты мобильді интернетпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылдаған.

Сондай-ақ осы аптада «ӨзА»-да «Ташкентте Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстан энергетика министрлерінің екінші кеңесі өтті» деген тақырыптағы ақпарат жарияланды.

Ташкентте Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстан энергетика министрлерінің екінші кеңесі
Фото: uza.uz

Келтірілген деректерге сүйенсек, Ташкент қаласында Өзбекстан, Әзербайжан және Қазақстан энергетика министрлерінің екінші кездесуі өткен.

ӨР Энергетика министрлігінің хабарлауынша, шарада «Өзбекстан-Қазақстан-Әзербайжан энергетикалық жүйелерінің өзара байланысы жобасының («Жасыл дәліз») тұсаукесері өтті.

«Конференцияда Әзербайжан, Қазақстан және Өзбекстанның энергетикалық секторларын қосу арқылы аймақта өндірілетін жасыл энергияны Еуропаға экспорттау жобасының алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту, техникалық-экономикалық негіздерін зерттеу үшін халықаралық кеңесшілерді тарту мәселелерін қарау, жоба бойынша мемлекетаралық келісімнің жобасын дайындау және басқа да мәселелер талқыланды», деп жазады «ӨзА».

Сонымен қатар «ӨзА» ақпарат агенттігінде «Өзбек мультфильмі Қазақстанда өткен фестивальде бірінші орын алды» деген тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

мультфильм
Фото: uza.uz

Өзбекстандық басылымның мәліметінше, Қазақстанның Алматы қаласында өткен бірінші халықаралық «Farabi Film Festival» шарасында жас өзбек мультипликаторы Джамшид Атамбаевтың «Сағыныш» мультфильмі «Үздік анимациялық фильм» аталымында бірінші орын алған.

Ұлттық кинематографияны дамыту орталығының хабарлауынша, Жамшид Атамбаев қазір Өзбекстанның Мемлекеттік өнер және мәдениет институтының студенті және кинематографист әрі режиссер Иқбол Мелиқозиевтің шығармашылық шеберханасының студенті екен.

Айта кетейік, бұл анимациялық картина Джамшид есімді жас жігіттің өзінің және анасының армандарын орындау жолындағы оқиғасын баяндайды. Фильмнің негізгі идеясы – аналарды қадірлеуге бағытталған.

Оқылып жатыр

Иранда әйелдер мінген ұшақ рейсі қатынады

Ақтауда Каспий теңізінің жағалауы тазартылды

Алматы облысында жайылымға жер жетіспейді

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024811 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024620 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024542 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024508 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024467 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024447 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024418 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024327 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024320 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ең биік, ең қауіпсіз: Шымкентте жаңа тұрғын үй кешені бой көтеруде

Жаңалықтар 1 июля, 2025

Шымкентте заманауи архитектура мен қауіпсіздік талаптарын біріктірген ерекше жоба қолға алынды. Қазақстанның ірі құрылыс компаниясы…

СҚО-да газ тасығыш көлік өртеніп, тоғыз адам жарақат алды

26 июня, 2025

Жыл соңына дейін барлық пойыздарға бейнебақылау камералары орнатылады

26 июня, 2025

2027 жылға дейін Қазақстанда 2 миллиард ағаш отырғызылады

25 июня, 2025

Белгілі математик оқушысына көлік сыйлады

25 июня, 2025

Шерзат ісі: сотталғандар апелляциялық шағым түсірді

25 июня, 2025

Сертификаттау саласындағы аккредиттеу аттестаттары цифрлық форматқа ауыстырылды

24 июня, 2025

Әлемдік рейтингке еліміздің үш университеті қосылды

23 июня, 2025

Мемлекет басшысы азаматтардың жеке деректерін қорғау мәселесіне ерекше назар аударды

23 июня, 2025

Антикор үш жыл бойы іздеуде болған азаматтың мүлкін тәркілеп, шоттарын бұғаттады

23 июня, 2025

Павлодар облысында төтенше жағдай режимі жарияланады

23 июня, 2025

Сенат жаңа Салық кодексі жобасын Мәжіліске кері қайтарды

23 июня, 2025

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты

23 июня, 2025

ШҚО-да үш бірдей браконьерлік топ ұсталды

19 июня, 2025

Мемлекет басшысына Stadler Kazakhstan шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды

19 июня, 2025

Әйел энергиясы

19 июня, 2025

Қамыс өрті — Ақ Жайық экожүйесіне төнген қауіп: экологиялық дабыл ма, маусымдық заңдылық па?

17 июня, 2025

Қытаймен шекарада жаңа айналма жол салынады

17 июня, 2025

«Семей орманы» резерватында орман өртін ерте анықтау жүйесі іске қосылды

16 июня, 2025

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпинді Астанада салтанатты түрде қарсы алды

16 июня, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Русский
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
  • Басты
  • Қоғам
  • Әлем
  • Оқиғалар
  • Қаржы
  • Саясат
  • Сыбыс бар
  • Қоршаған орта
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.