Солардың бірі – «Euronews» телеарнасы. Оның сайтында жарияланған мақалада: «Спорттық шараға қатысып жатқан елдердің географиясы сан алуан. Оған көшпенділер дәстүріне қатысы жоқ мемлекеттердің өкілдері де жиналған.
Мысалы, Австралиядан бастап Канадаға дейінгі, Оңтүстік Африкадан бастап Ұлыбританияға дейінгі аралықта орналасқан елдердің спортшылары бақ сынауда. Бұл ойындардың ауқымы кеңейіп жатқанын көрсетеді», — делінген.
Ал Еуропаның «Modern Diplomacy» немесе «Заманауи дипломатия» алаңы елімізде өтіп жатқан байрақты бәсекені достық пен бейбітшілік мерекесі деп сипаттайды. «89 елден келген 2 жарым мыңға жуық спортшы мен мыңдаған мейманның басын қосқан бұл шара — көшпелілер өркениетінің бай мәдени мұрасы мен бірегей спорт түрлері жане дәстүрлерінің мерекесі», — делінген.