Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша өткен республикалық референдумның үшінші exit-poll нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды “BaiMedia” ақпараттық порталы.
Еуразиялық интеграция институты Zakon.kz тапсырысы бойынша зерттеу жүргізді.
Сауалнама 250 учаскені қамтыды, оның 159-ы қалаларда, 91- і ауылдарда орналасқан. 30 546 азамат сұралды. Зерттеу нәтижелерінің қателігі 1%-дан аспайды. Барлығы 6 өлшеу ұйымдастырылды.
Exit-poll деректері бойынша азаматтардың 71,8% Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдап, 28,2% қарсы дауыс берген.
Айта кетейік, АЭС бойынша референдум 6 қазанда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 63,87%-ы, 7 820 918 адам дауыс берді.
Бірінші exit poll нәтижесі бойынша референда халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады. Сауалнаманы «Астана – кешенді әлеуметтік зерттеулер институты» жеке қоры жүргізді.
Ал AMANAT партиясының Қоғамдық саясат институтының exit-poll мәліметтері бойынша, азаматтардың 72,3%-ы атом электр станциясын салуды қолдаса, 27,7% — ы қарсы болды.