Атом электр станциясының салынуын халық қолдай ма? Арнайы жүргізілген әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері жарияланды. Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше сауалнамаға еліміздің 17 өңірі мен республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 1200 адам қатысқан. Респонденттердің жасы 18-ден асқан, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Жалпы сауалнама сұрақтарына жауап бергендердің дені, нақтырақ айтсақ, 53% атом электр станциясын салуды қолдаса, 32%-ы қарсылық білдірген. Ал респонденттердің 14,4% өз таңдауын жасамаған. Жалпы сала маманының айтуынша, атом электр станциясын салу — электр тапшылығын шешу үшін оңтайлы ұсыныс.
Атом электр станциясындағы бір жұмыс орын аралас саладағы бизнес өкілдерін 10 жұмыс орынмен қамтиды. Сондай-ақ экономикаға үлкен серпіліс. Инвестицияның бізге келуі. Яғни қандайда бір өндіріс орнын ашу үшін бізге электр энергиясы керек. Сондықтан экономикалық, энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін өте оңтайлы нұсқа болып табылады, — дейді «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС жетекші инженері Асуан Сиябеков.