Астана. 10 желтоқсан. BM.KZ — Ақорда Әсел Жанасованың жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлады.
— Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген ресми құжатта.
Еске салайық, ол биылғы маусым айынан бері ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарып келген.
