Қарағанды облысы Саран қаласының тұрғыны баласы Андрей Ракудың әскерге жарамсыз екенін біле тура алып кеткен және оны мүгедек етіп жіберген армияға ашулы. Жігіт тұмаудан емделгеннен кейін 10 минут бойы клиникалық өлім жағдайына түскен. Ал үйге оралған кезде денсаулығында көптеген кінәрат табылған. Өкінішке қарай, оның отбасы әскерден баласының мүгедектігі үшін өтемақылы ала алмай отыр. Бұл туралы Baimedia.kz ақпарат агенттігі stan.kz бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір Андрей Раку 50% еңбек ету қабілетінен айырылып, мүгедек болып қалды. Оның айтынша, күн сайын жүрегі тоқтап, жұмыс істей алмайды. Оқиға Көкшетаудағы әскери бөлімде 50-ге жуық сарбазды ауыртқан ЖРВИ-ден басталған. Дене қызуы көтерілген Андрей нарядта тұруға мәжбүр болды.
«Ауруханада олар маған 6 сағаттан кейін белгісіз бір қоспаны беріп, тағы да укол салды. Шамадан тыс доза салынғандықтан, денем құрысып, аузымнан көбік шықты. Бұдан кейін жүрегім 10 минутқа тоқтап қалды», – деді Андрей Раку.
Ұзақ уақытқа созылған гипоксия мидың және ішкі ағзалардың зақымдалуына әкелді. Андрей қайтадан жүруді, сөйлеуді және тамақтануды үйренді. Адвокаттың араласуынан кейін ғана жасалған. Сарбаздың отбасы сотқа шағым түсіргенімен, сот өтемақы төлеуден бас тартты.
«Әскерилер ештеңені есепке алмай отыр. Андрей әскерде қызмет етпеуі керек еді. Саранск әскери комиссариаты оны денсаулығына жарамсыз деп тапса да, кейін олар оны облыстық әскери комиссариатқа құжаттарын тапсыруды өтінген. Сол жерден оны үйге қайтармай әскерге алып кетті», – деді жәбірленушінің анасы Юлия Шрайнер.
«Әскери қызметкерлердің денсаулығын бақылауды жеткіліксіз жүргізгені үшін бөлімше командиріне және 5 офицерге сөгіс берілді. Егер мүгедектік туралы анықтамада себеп ретінде «жалпы ауру» көрсетілмесе, Андрей Раку 50 АЕК көлемінде бір реттік өтемақы алуға құқылы еді. Сот шешімінің дәлелді бөлігіне сәйкес ол өз денсаулығын бақылауға міндеттелді. Сонымен қатар сот армиядағы мерзімді әскери қызмет қауіптің жоғарылауының көзі болып табылмайды деп есептеді. Сондықтан талаптар қанағаттандырылмады», – деді адвокат.
Андрей де, анасы да сот шешімімен келіспей, аппеляцияға беруге дайындалып жатыр. Себебі атпалдай азаматтың әскерден кейінгі бүкіл арманы желге ұшты.