Астана. 20 қазан. BM.KZ – Сейсенбі күні президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды.
Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.
