Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
— Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген ресми дереккөзде.
Айта кетейік, былтыр жетоқсан айында Айбек Смадияров Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған болатын.
