V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылған Аламан бәйге де өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Жүйріктер 25 шақырымдық қашықтыққа шапқан Аламан бәйгеге 27 шабандоз қатысты. Соңғы айналымда 7 ат ғана жарыс алаңында шабуын тоқтатпады. Мәре сызығын бірінші болып «Айқабақ» есімді қазақ жүйрігі кесті.
1-орын: «Айқабақ», шабандоз – Аңсар Арыстанбек, бапкері – Сапарғали Сатпаев, ат иесі – Жамбыл Бөбекбай (Қазақстан).
2-орын: «Жұмыртұяқ», шабандоз – Хамза Аманкелді, бапкері – Марат Ақберлинов, ат иесі – Марлан Бектенов (Қазақстан).
3-орын: «Қара қыз», шабандоз – Элесов Нурэл, бапкері – Керимбеков Нурбек, ат иесі – Сырғақ уулу Изат (Қырғызстан).