Прокуратураның хабарлауынша, сотталғандар букмекерлік кеңселер мен онлайн казинолар арқылы онлайн сатып алу, несие рәсімдеу және құмар ойындарға қатысу үшін ұялы телефон пайдаланған. Нәтижесінде жалпы айналымы үш миллиард теңгеден асқан.
«№10 мекемесіндегі сотталғандар ұялы телефондар қолдана отырып, рұқсат етілген және рұқсат етілмеген заттарды мекеме қабырғасында отырып-ақ саудалаған. Осы фактіге байланысты прокуратура сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Аталған мекеменің үш қызметкерін түрлі жазаға кесті», – делінген хабарламада.
Прокуратура мәліметінше №12 және №57 мекеме қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап, №57 мекеме басшысы қамауға алынды.