Алматы облысы. 11 қыркүйек. BM.KZ — Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пункттерінің бірінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады.
Полиция мәліметіне қарағанда, белгісіз заттың жарылысы салдарынан үш адам қаза тапқан. Олардың денелері оқиға орнынан табылған.
Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталу үстінде.
