Астана. 9 желтоқсан. BM.KZ — Полиция Алматы – Көкпек – Көктал – Шонжы автожолының 80-шақырымында болған жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғады.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 2025 жылғы 5 желтоқсанда болған.
Audi A6 автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, Nissan Cefiro көлігімен соқтығысқан.
– Жол апатынан екі жүргізуші және екі жолаушы оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, — делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүріп жатыр.
Тергеуді полиция департаменті басшылығы бақылауға алған.
