• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Алматыда ғарышкер, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда ғарышкер, Халық Қаһарманы Талғат Мұсабаевты ақтық сапарға шығарып салды

6 августа, 2025 Жаңалықтар
Фото: Қазақпарат

Шараға еліміздің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ғарыш саласының ардагерлері мен өкілдері қатысты. Олардың арасында Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев болды. Бұл туралы Қазақпарат жазды.

Ерлан Қарин аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкер, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болуына байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді.

Фото: Қазақпарат

Сондай-ақ, Халық қаһарманы, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жиналған жұрт алдында сөз сөйледі.

— Ол шынайы батыр еді. Талғат туралы естелік Қазақстан мен Ресейде ғана емес, бүкіл ғарыш қауымдастығында сақталады. Ғарыш әлемі — біртұтас. Ғарышкерлер қай елде тұрса да, қай ғарыш айлағынан ұшса да, қайда кетсе де, олар өз мамандығына, ғарышқа адал болып қалады. Өйткені бізді ғарыш біріктірді. Мұны енді ешкім өшіре алмайды. Талғат Амангелдіұлы, сен Қазақстан үшін көп еңбек сіңірдің. Сен нағыз патриот азамат болдың — бұған мен куәмін. Сен мұның бәрін таза жүрекпен, адал ниетпен істедің. Саған қоштасар сәтте айтарым: Талғат, Қазақстан сені ешқашан ұмытпайды. Жаның жай тапсын, ардақты досым, — деді Тоқтар Әубәкіров.

Фото: Қазақпарат

Сонымен қатар аңыз адаммен қоштасу үшін Ресейден үш ғарышкер келді — «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы бас директорының орынбасары Сергей Крикалев, ғарышта болған уақыты бойынша рекорд иесі Олег Кононенко және Кеңес Одағының Батыры Анатолий Арцебарский.

— Талғат Мұсабаевтың өмір жолы — Қазақстан мен Ресей жастары үшін және көкке, ғарышқа ұмтылғандар үшін жарқын үлгі. Талғатпен алғаш рет көп жыл бұрын КСРО чемпионаттарында жоғары пилотажда кездескен едік. Біз әртүрлі командаларда өнер көрсеттік, бірақ ұшқыш ретінде бір-бірімізді білдік. Кейін ғарышкерлер құрамында қайта жолықтық. Оның биікке, көкке ұмтылысы — үлгі еді. Талғат алдымен ғарышкер-зерттеуші ретінде, кейін борт инженері, одан соң экипаж командирі ретінде ғарышқа сапар шекті. Ортақ ғарыш бағдарламамызға ол үлкен үлес қосты, — деді Сергей Крикалев.

Аңызға айналған ғарышкермен қоштасудан кейін 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ алаңында жаназа намазы оқылды.

Алматы ғарышкер Талғат Мұсабаев шығарып салу

Оқылып жатыр

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

Анна Данилина жұптық сында финалға жолдама алды — Australian Open

Астанада жол апатынан екі адам көз жұмды – қылмыстық іс қозғалды

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024840 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024436 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024328 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Ипотеканы зейнетақы жинағымен өтеу тәртібі 31 қаңтардан бастап өзгереді

Жаңалықтар 29 января, 2026

Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына…

Анна Данилина жұптық сында финалға жолдама алды — Australian Open

29 января, 2026

Астанада жол апатынан екі адам көз жұмды – қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026

Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтірді

29 января, 2026

Қандай мамандық иелері ең жоғары жалақыны алады

29 января, 2026

Шымкентте әйел адам пышақ жарақатынан мерт болды

29 января, 2026

Скляр Теңіздегі өртке байланысты алаңдаушылық білдірді

29 января, 2026

Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды

29 января, 2026

Руслан Желдібай қызметінен босатылды

29 января, 2026

Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы түрмеге тоғытылды

29 января, 2026

Алматыда 16 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

29 января, 2026

Астанада қызылшамен ауырған балалардың басым бөлігі вакцина алмаған

29 января, 2026

Елордалық оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидаты түсіндірілді

28 января, 2026

ІІМ: Шетел азаматтарының заңсыз келуін ұйымдастырған адамдар қамауға алынды

28 января, 2026

Қызылордада мемлекет қорғауындағы ағаштарды заңсыз кескен күдіктілер ұсталды

28 января, 2026

«Сақиналар әміршісіне» жауап: Қазақстан фэнтези жанрында фильм шығарады

28 января, 2026

Тоқаев: Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұр

28 января, 2026

Мыс, литий және сирек жер металдары: Қазақстан маңызды минералдарды жеткізетін жетекші елдердің қатарына қосыла алады

28 января, 2026

Павлодарда есірткіні супермаркет ұяшықтарына жасырып келген күдікті ұсталды

28 января, 2026

2025 жылы 16,8 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

28 января, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.