Күзетшіні өлтірген ер адамның жындыханаға түскені белгілі болды, деп хабарлайды Баймедиа.кз.
Аталмыш жағдайға қатысты прокуратура пікір білдірді.
«Алматы қаласындағы «Меркур Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі күзетішінің өліміне қатысты іс тоқтағаны туралы ақпарат әлеуметтік желілер мен ақпарат агенттіктерінде тарап кетті. Биыл наурыз айынан бастап күдіктіге қатысты ікісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істің тергеп-тексеріліп жатқанын түсіндіреміз. Сот психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысының негізінде, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 511-бабы 2-бөлігі 2) тармағына сәйкес күдікті психитриялық көмек көрсететін, арнайы медициналық ұйымда жатыр», — деп хабарлады прокуратура.
Осыған байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі үзілген.