Алматыда мереке күндері қатты жаңбыр жаууы мүмкін
20-22 наурыз аралығында Алматыда ауа райы нашарлап, нөсерлі жауын-шашын болады деп күтіледі. Осыған байланысты қалалық коммуналдық қызметтер дайындық жұмысын бастады.
«Ауа райының нашарлауына байланысты тұрғындарға тауға барудан бас тартуға, жүргізушілерге ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты көліктерді жол жиегіне қоймауға кеңес беріледі», — деп ескертті ведомство өкілдері.
Ведомство өкілдері су басуды болдырмау үшін қала тұрғындарынан арықтарға, нөсер ағындары мен каналдарға қоқыс тастамауды сұрады.