Астана. 4 желтоқсан. BM.KZ — Алматы халқы 4 қарашада шамамен 12:45–те жер сілкінісін сезді.
Артынша тұрғындарға жер сілкінісі туралы ескерту келді.
— Алматы қаласы аумағында жер сілкінісі, — делінген хабарламада.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 4 желтоқсанда Астана уақытымен 12:45-те жер сілкінісін тіркеді.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түскен жоқ. Ақпарат анықталып жатыр.
Жерсілкінісінің координаттары : 41.021 с.е. 78.387 ш.б Тереңдік 5 км. Жерсілкінісінің энергетикалық класы 14.0. Магнитуда MPV6.7.
