Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс ауылының тұрғындары ауыз суға зәру.
Күннің ыстығында ауыз судан тарыққан жұртшылық ауылда судың үнемі болмай қалатын айтып шағымданып жатыр. Айтуларынша, жыл сайын су өшіп, халық қиналады.
Аталған жағдайға байланысты Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі түсінік берді.
Қарасай ауданының әкімдігіне қарасты Жаңатұрмыс ауылында 6 мамыр күні су құбырының бұзылуына байланысты «Таусамалы Қызмет» МКК апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Апат жойылып, сумен жабдықтау қалпына келтірілген. Алайда 7 маусым күні сол жерде тағы да апат болды.
Қазіргі уақытта «Таусамалы Қызмет» МКК бригадасы апат орнында жұмыс істеп жатыр.