• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Алтай Айнабек Арал суын шынымен бұлт шақырып молайтты ма – Қазгидромет қорытындысы

Алтай Айнабек Арал суын шынымен бұлт шақырып молайтты ма – Қазгидромет қорытындысы

5 августа, 2024 Жаңалықтар

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Kazinform сауалына жолдаған жауабында Алтай Айнабектің атмосфераны иондау арқылы қолдан жаңбыр жауғызу технологиясы туралы алып-қашпа әңгімелерге ғылыми қорытынды берді, деп хабарлайды казинформ.

БҰҰ бұған не дейді?

Ресми жауаптан ұққанымыз, «Қазгидромет» мекемесі БҰҰ-ның климатты қолдан өзгерту мәселесіне жауапты ұйымынан иондау арқылы жаңбыр жауғызу технологиясы туралы ғылыми пайым сұраған.

«Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның ауа райына әсер ету саласын зерттейтін сарапшылары иондау технологиясын зерттегенін хабарлайды. Сол зерттеудің баяндамасында «иондау арқылы жауын-шашын шақырылды» делінген оқиғалардың ешқайсысы бақылаулармен де, аумақ бойынша сандық модельдеумен де расталмағаны» мәлімделген», — деп жазылған жауапта.

«Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым» (ДМҰ) – Біріккен ұлттар ұйымының атмосфераны бақылап, оның мұхиттармен өзара әрекеттесу мәселелерін зерттейтін құзыретті органы.

«ДМҰ-ның климатқа белсенді әсер ету мәселелері туралы мәлімдемесінде жауын-шашын мөлшерін арттыруға арналған барлық технологиялар табиғи процестерді тек жеделдете алатыны, жергілікті оқшауланған аумақта ғана іске асырылуы мүмкін екені айтылған.

Сіз айтып отырған «International Center of Climate Change Technologies» ЖШС өз жұмысында иондау әдісін қолданады. Алайда, бүгінгі таңда бұл технологияны әлемнің ғылыми қауымдастығы мойындамаған», — деп жазады Қазгидромет мамандары.

Арал
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

«Аралға жауатын жаңбыр 10 күн бұрын болжанған»

«Биылғы маусым-шілде аралығында Қазақстанның қандай да бір бөлігінде климаттық ерекшеліктерден тыс өзгерістер болған жоқ. Барикалық құрылымдардың әрекеттесуі мен бұлттылық жүйелерінің қалыптасуында, жауын-шашынның түсуінде ауытқушылықтар тіркелмеді. Маусым-шілде айларында түскен жауын-шашын мөлшері орташа көпжылдық норма шамасында немесе одан төмен болды», — деп жазылған «Қазгидромет» мәліметінде.

Синоптикалық талдаулар 2024 жылдың мамыр-шілде айларында Қазақстан аумағында циклондық белсенділік басым болғанын көрсетсе керек.

«Мамыр айында (04-08, 13-14, 16-22, 24-25 мамыр) Оңтүстік Каспий және Оңтүстік циклондардың Қызылорда облысының аумағынан жиі өтуі нәтижесінде 0,1-ден 12 мм-ге дейін жауын-шашын байқалды. Ал 5 мамырда түнде облыстың орталығында 19-27 мм шамасында қарқынды жауын-шашын тіркелді. Маусым айында Оңтүстік және Атлантикалық циклондардың ықпалына байланысты 06-09 және 22-30 маусымда 0,1-ден 4 мм-ге дейін жауын-шашын түсті.

Шілде айында (01-22 шілде) облыс аумағы баяу қозғалатын Оңтүстік циклонның ықпалында болды. Сонымен 06, 08 және 10-20 шілде күндері 0,1-ден 13 мм-ге дейін жауын-шашын түсті.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Қызылорда облысы мен Қызылорда қаласында түскен жауын-шашын табиғи синоптикалық жағдайлармен байланысты болғанын және 10 күнге дейінгі дәлдікпен алдын ала болжанғанын атап өткен жөн», — деп жазады синоптиктер.

Қазгидромет жауабынан бұл жазда Солтүстік Аралдың суы аспаннан түскен жауынның әсерінен емес, Шардарадан келген судың есебінен молайғанын түсінуге болады.

«Қаратерең ауылының гидробекетінде тіркелген мәлімет бойынша биыл Солтүстік Арал теңізіне Сырдария өзені арқылы, бірінші жарты жылдықта 1 млрд 138 млн текше метр су келіп түскен. Бұл көпжылдық мәліметпен салыстырғанда 33% төмен. Аталған бекеттің көпжылдық мәліметтері бойынша жылдық су көлемінің төмендеу тенденциясы байқалады.

Солтүстік Арал теңізінің су деңгейіне келер болсақ, маусым айында орташа су деңгейі 4118 см болды. Бұл – өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда 4 сантиметрге, көпжылдық мәнмен салыстырғанда 93 сантиметрге төмен», — делінген жауапта.

Штормовое предупреждение, метеоусловия, погода, тучи, дождь, гроза
Фото: freepik.com

«Аралдың аспанында қолдан жаңбыр туындату мүмкін емес»

«Қазгидромет» мамандары Арал өңірі сияқты шөлейтті аумақтың атмосферасынан қолдан жаңбыр туындату мүмкін емес екенін айтады.

«Арал маңы континенталды климатпен сипатталатын, құрғақ әрі ылғал тапшы аймақ болып есептеледі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 100-130 мм шамасында болса, жылдық буланушылық мөлшері одан ондаған есе жоғары, яғни 1250-1450 мм. Бұл өз кезегінде жауын-шашын есебінен үлкен аумақты су ресурстарымен қамтамасыз ету мүмкіндіктерін шектейді.

Атмосфералық процестер өте күрделі болғандықтан, жауын-шашын мөлшерін қолдан арттыру үшін сәйкес климаттық потенциал қажет. Арал өңірінде ондай потенциал аз. Қазақстандық ғалым-метеорологтердің жүргізген зерттеулеріне сәйкес, елдің тек солтүстік аймақтарында ғана бұлттардағы су қорының жауын-шашын мөлшерін арттыруға жеткілікті потенциал бар. Ал қалған аймақтарда бұл көрсеткіштер мардымсыз. Бұл мәліметтер профессор, география ғылымдарының докторы А.В. Чередниченконың «Қазақстан климатының өзгеруі және қол жетімді бұлт су қорлары есебінен бейімделу мүмкіндіктері» атты монографиясында көрсетілген (Монография. Бішкек: Илим, 2009. – 260 б.).

Ресей мен АҚШ-та жүргізілген эксперименталды зерттеулер қазіргі технологияның мүмкіндіктері табиғи жауын-шашын мөлшерін 10-15% ғана арттырылатынын дәлелдеген», — делінген «Қазгидромет» қорытындысында.

Сондай-ақ, жауап авторлары Өзбекстан тарапының Қазақстанға Сырдария арқылы 3,7 млрд текше метр су беруге келіскенін еске салады.

Ресми мәлімет бойынша, 1 сәуірден бері Өзбекстан Сырдария өзені арқылы Қазақстанға 3,9 млрд текше метр су жіберген. Осылайша су қоймасынан Сырдарияның төменгі ағысына 3,6 млрд текше метр су босатылған. Бұл – былтырғы көрсеткіштен 950 млн текше метр көп. Нәтижесінде Қызылқұм каналына 700 млн текше метр су, Солтүстік Аралға 400 млн текше метр су жіберілген.

Оқылып жатыр

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024836 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024675 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024471 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024423 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024329 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024323 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Үлкен ауылы Қазақстанда екінші АЭС салу жобасын қолдады

Басты тақырып 5 декабря, 2025

Астана. 5 желтоқсан. BM.KZ — Тыңдау қорытындысы Алматы облысы мәслихатының қарауына жіберіледі, деп хабарлайды Атом…

Қасым-Жомарт Тоқаев «Мейірім» орденін тағайындады

5 декабря, 2025

Алматыда сот Қожамжаровтар отбасының мүлкін бұғаттады

5 декабря, 2025

22 жастағы шымкенттік ару Miss Qazaqstan 2025 атанды

5 декабря, 2025

Алматыда 370 млн теңгені иемденіп алған сот орындаушысы сотталды

5 декабря, 2025

Мерц АҚШ-қа Ресей активтерін беруге қарсы шықты

5 декабря, 2025

46 жалған диплом: дипломдар енді тек QR-код пен бірегей нөмір арқылы тексеріледі

5 декабря, 2025

Мэттью Перридің өлімі: актердің дәрігері 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан аса жарылғыш затты жойды

5 декабря, 2025

Шымкенттік дәрігерлер салмағы 700 грамм нәрестені аман алып қалды

5 декабря, 2025

БҚО-да кішкентай қызды зорлаған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

5 декабря, 2025

Ақмолада үш күн бұрын жоғалған азаматтың денесі өзен жағасынан табылды

5 декабря, 2025

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді

5 декабря, 2025

26 жастағы әйелді өлтірген 11 сынып оқушысы сотталды

4 декабря, 2025

Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғау тетіктері күшейтілді

4 декабря, 2025

Алматыда жер сілкінді

4 декабря, 2025

Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейді

4 декабря, 2025

Жезқазғанның су инфрақұрылымын жаңғыртуға 1,8 млрд теңге бөлінді — Үкімет

4 декабря, 2025

ШҚО-да мас күйде көлік жүргізбеуге шақыратын ескерткіш орнатылды

4 декабря, 2025

Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы 110 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

4 декабря, 2025
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.