Ақмола облысының Атбасар қаласында кәсіпкер қажетті зертханалық зерттеулерден өтпеген етке анықтамалар берумен айналысқан, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жергілікті мал сою пунктін тексеру кезінде прокурорлар бұл азаматтың үш жыл ішінде ет өнімдеріне 850 ветеринарлық анықтама берілгенін анықтады. Қадағалау органының бағалауы бойынша, сауда орындарында зерттелмеген ет көлемі ондаған тонна болып есептеледі.
«Анықтама берген адамның ветеринария саласындағы қызметке мемлекеттік лицензиясы болған. Ет шикізаты ішкі сауда нысандарында және басқа жерлерде сатылымға шығарылған «, — деп хабарлады прокуратурада.
Бизнесмен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жарты жылға ветеринарлық анықтама беру құқығынан айырылды.