Астана. 17 қараша. BM.KZ – Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған күдікті бір тәулікке жетпей Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылының маңында ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ мәліметінше, тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.
— Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары күдікті заң аясында қатаң жазаланатынын атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, Елорда маңында 14 жасар қыз кісі қолынан көз жұмды.
