Астана. 8 қаңтар. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп 66 халықаралық ұйымдағы мүшелігін тоқтату туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы Deutsche Welle жазады.
Материалда аталған ұйымдардың 31-і БҰҰ аясында, ал қалғаны оның сыртында жұмыс істейтіні жазылған.
АҚШ шығатын халықаралық ұйымдардың тізімі Ақ үйдің сайтында қолжетімді. Олардың қатарында Украина ғылыми-технологиялық орталығы (УНТЦ), Венеция комиссиясы, БҰҰ Бас хатшысының балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі арнайы өкілінің кеңсесі, БҰҰ Демократия қоры және басқалары бар.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың сөзінше, Дональд Трамп әкімшілігі бұл ұйымдарды «ысырапшыл, тиімсіз, зиянды», «нашар басқарылатын», «артық» немесе «мемлекеттік егемендік, бостандық пен ортақ өркендеуге қауіп төндіретін» құрылымдар деп таниды.
